Мақта жыры – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Мақта жыры» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1170
Қауашақ ашқан мақта балапандай,
Талпынар күн нұрына мейірі қанбай.
Найқалып көз тартады кең далада,
Мұхитта пайда болған жас аралдай.
Нәуетек айнымайды гүлден мақта,
Кейде үқсар көлге қонған ақша бұлтқа.
Жібермес жел үрлесе қауашағы,
Үкідей үлбірейді піскен шақта.
Ұқсатып ақбөкеннің таңына мен,
Көзге дерт сұлулыққа табынам мен.
Кәдеге асады әсем ақ түбіті,
Суырып мақтаны алсаң тамырымен.
Қараудай қарашада соқса ызғар,
Мақтадан терер масақ жігіт-қыздар.
Көк мақта көк қырман боп үйіледі,
¥ры жоқ иттүйнектей көсекті ұрлар.
Қырда өсті – шикі өкпе бала шағым,
Қауын деп шикі асқабақ мен асадым.
Мақта һәм, бақсам енді, береке екен,
Әлбетте, мақташымен санасамын.
Білдім мен тарихты оқып, мақта парқын,
Алтынға алмастырса ол, әрине, алтын.
Оқ-дәрі бүрқылдаған, яки мата,
Әйтеуір, мен сүйемін еңбек салтын!
...Тоңылған мақта жіптен шыт көйлектей
Жатады шүбарланып күзде беткей.
Өнбес шит күн қаншама қүйса да нұр,
Маңдайдың кере қарыс терін төкпей!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мақта жыры өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Мақта жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мақта жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мақта жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері