Хош, өлең! – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Хош, өлең!» атты Тәкен Әлімқұлов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 930
Бесікте әжем мені әлдиледі,
Өлеңге болдым іңкәр содан бері.
Анамның ақ сүтіне ырзамын мен,
Ғаламға көзқарасым өзгергені.
Өстім мен қара бастың қамына епсіз,
Күлді маған бұралқы кейбір тексіз.
Тауға мен тайғанақтап шыға алмадым,
Оралдым кең далама көз жеткісіз.
Заңғарға шықты айлалы кейбір құрдас,
Жасқандым болуға мен оған сырлас.
Тілекті тіледім мен өлеңіме,
Бұйырар мүмкін жүз жас, мүмкін мың жас.
Келем мен өмір-бақи Отан жырлап,
Жүректің пәк қанымен сөзді сырлап;
Өлеңім шала-жансар туса егер,
Әйелдей іш тастаған көмдім ұрлап.
Шам-шырақ – маңдайдағы екі көзім,
Адаспан қара түнде елден өзім.
Шара не, көргіш көзден кем соқса сөз,
Келмеске кетті ме алдап алғыр кезім?!
Толқында аударылған бейне қайық,
Тағдырдың мінезі бар алма-ғайып.
Тамырын таба алмаған дәрігерлер,
Болсам мен, арманым жоқ, тілден майып!
Өлең – адам, ұйқасы бейне қанат,
Бұралады жүрегі қүдды сағат.
Өлеңді ертеп жіберу, әрине, оңай,
Көндіруге болмайды оны сабап!
Жігіттер, жалынамын, маған ерме,
Маған ұқсап, өлеңге ерік берме.
Мен жатармын жастанып топырақты,
Сағынышым сияды қалай көрге?!
Хош, олең, болдық жолдас отыз жылдай.
Ауыстым қара сөзге сағым сынбай.
Барымды ақтарылып айта алмадым,
Артқыға тұспал ңалды шерткен сырдай!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хош, өлең! өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Хош, өлең! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хош, өлең! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Хош, өлең! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері