Сүйінші – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сүйінші» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1921
Тұра шапты Далабай
Малда жүрген Мақпалға:
– Сүйінші де сүйінші!
Бұдан артық бақ бар ма?
– Аяғанды ит жесін,
Әйелің үл тапқанда.
Ризамысың, бауырым,
Барқыт шапан жапқанға?
– Азынаған ат барда,
Сыйлағаның мақтаң ба?
Мен оныңды кимеймін,
Отқа таста ап бар да...
Мақпал қатты қысылды,
Жалғыз атын ұсынды.
Сүйіншілеп тағы да,
Ат терлетіп сабыла,
Келе сала Тіленді,
Құшақтады кілемді.
Деген кісі нағашым
Жетектеді танасын.
Қүдасы кеп кешкісін,
Сойды сауын ешкісін.
Осылайша алыстан
Түгел келді таныстан.
Бірі сұрап төсегін,
Бірі ілді көсеуін.
Бірі киіп етігін,
Бірі буды белдігін,
Әркім әр зат қалады,
Шынын айтсақ, талады.
Мұндай болса сүйінші,
Сүйіншіге күйінші.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйінші өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сүйінші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйінші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйінші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері