Ақын үні

Бұл бетте «Ақын үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1391
Ассалаумалайкум!
Қарашүңгіл киелім,
Кеудемдегі күмбірлеген күйме едің?!
Аңсап келдім сағынышпен өзіңе,
Ақпа жырдың ағылтып ой тиегін.
Сан ғасырлық өн бойына сыр түйген,
Тебіреніп бір тіл қатшы әулием.
Қайда сенің алтын бұлақ бастауың,
Барша қазақ қадір тұтып бас иген.
Өзі берген ырыздығын Құдайым,
Астанасы теңіз тектес мұнайдың.
Арнап келдім бабам ізін көрмекке,
Құшағыңды аш емін еркін аунайын.!
Жыры сенде, сыры сенде ғажаптың,
Ұлғылаған еркіндігін азаттың.
Білеме екен киелім-ау осы жұрт,
Жұмысшысын сенен шыққан қазақтың?!
Осы жермен тағдыры бір қосылған,
От кеудесін тербеп үміт асыл ән.
Келешекке түйе арбамен жол салып,
Мұнайыңды Ракушкіге тасыған.
Жолдар жатыр ішіне сыр бөктеріп,
Жанам деген жүректерге от беріп.
Ұлылығы ұран салып ұрпаққа,
Намыс туын баба ізінен көкке іліп!
Ақын да өзі жырау да өзі даламның,
Сұлулығы осында ғой ғаламның.
Қарашүңгүл-астанасы мұнайдың,
Қарашүңгүл үнісің сен бабамның!
Сөйле, сөйле шежірелі абызым,
Елің білген мұнайыңның маңызын.
Бүгін тойда күмбірлетіп күй төксін,
Қолыңдағы ғасыр атты қобызың!
Біз тыңдайық еміреніп сүйсініп,
Шуағыңнан кеудемізге нұр сіңіп.
Сенің сырың-бабам сыры ой толы,
Туған елге тілей білген молшылық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын үні өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Ақын үні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын үні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақын үні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері