Желкілдеді құба бел – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Желкілдеді құба бел» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1192
Желкілдеді құба бел,
Жұпар исі бұрқырап.
Қарсы алдымнан шығады ел,
Қалың жылқы шұрқырап.
Желбірейді желегің,
Үлбірейді лала гүл.
Сені қуып келемін,
Тым бейкүнә бала бұл.
Сен несіне қашасың,
Мүлде менен жасқанба.
Үлбірейді па, шашың,
Қара бұлт боп аспанда.
Жүрегің де бұлқынар,
Өткен-кеткен сызды ұмыт.
Асау сезім жұлқынар,
... Мен келемін қыз қуып.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері