Жұмахан ағама! – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Жұмахан ағама!» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1222
Сұрайтын жан емес ек жәй керегін.
Алла бермей қойса егер қайтер едің?
Жас шыбықтай хор қызың өсіп-өніп,
Күйеу бала болсыншы бәйтерегің.
Ұл-қыз берсе, берсе екен санасына,
Әр әке алаңдайды баласына.
Сенім артқан «Гүліңіз» аман болсын,
Қамқор болсын әкеге, анасына.
Асыл мінез шығады тектілерден.
Күйеу жігіт ибалы, текті жерден.
Немерені әлдилеп, шөбере сүй,
Құдаларың жан екен көпті көрген.
Жұмеке,
Көріп бүгін шаттығыңды,
Ұзаттың мәпелеген ақ гүліңді.
Күйеу жігіт қадірле қарындасты,
Шалқардан ұшып шыққан аққуымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмахан ағама! өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Жұмахан ағама! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұмахан ағама! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұмахан ағама! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері