Бұл бетте «Қарындастың туған күніне арнау» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қолымда өскен қарындасым сен менің,
Бақытты бол,
Жана берсін еңбегің.
Бауырымның қызы едің, ұмытпа,
«Шешем келіп қолыңа ал»- деп, бергенін.
Анам берген, -Міне ұлым, еншің- деп.
-Сен бір отау, сен де өзіңше елсің- деп.
Бауырмал ем, қуандым-ау ерекше,
-Ертең емес, дәл бүгін ақ келсін- деп.
Солай-солай тарих әрі жалғасты.
Алға жүздім, жұмыстарым алмасты.
Сені ертіп келген күні шешемнің,
Есігімді ашқан күні ед(і) алғашқы.
Күндіз-түні жұмысыммен әуремін.
Нұры түсіп отбасыма сәуленің,
Қыз бар үйге, періште айтып салауат,
Шіркін сол шақ,
Өрге жүзген, дәуренім!
Ел арасы аттыға алыс, ұзақ тым.
Қызмет деп- елден жырақ ұзаппын.
Алысыңнан арбалаған қазақпыз,
Сол ауылға, өз қолыммен ұзаттым.
Ауылына түстің әнші Еркенің.
Ұл-қызың бар, болашағың ертеңің.
Құдалар да қошеметке лайық,
Жан жарыңмен өркендесін өркенің.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі