Қыздардан өрлік қалған ба? – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Қыздардан өрлік қалған ба?» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1097
«Қыздардан өрлік қалған ба?»
Мұңайып жүрсе таңданба.
Шын ғашық болған шығар ол,
Білдірмес бірақ, жалғанда.
Білдірмес бірақ сезімін,
Намысқа жанып төзімін.
Қалса егер жігіт сыр ұғып,
Қыз үшін соның өзі – мін.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері