Өлең, жыр, ақындар

Бақташы бала Оспантай

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1049
Бәлкім ciзгe бұ да тәлім бола алар,
Көргеніміз мен айтайын, балалар:
Жазда аңызақ, қыста басты борасын
Әжеңіздің ағаш үйін, қорасын.
Сол қорада жинап қоқыс, сабанды,
Жыл бойына бip аудармай табанды,
Неше жерден бүкпе темip құрсана,
Жатушы еді жер бауырлап бip шана.
Бұлттар көшкен қоңыр салқын болса күз,
Жапырақтар да желмен ұшып амалсыз,
Құc секілді оқ сындырған қанатын,
Сол қораға қаңғалақтап қонатын.
Балалар да сол қораны таптайтын,
Сол қорада доп жоғалса, таппайтын;
Kәpi кемпip тазарта алмай қорасын,
Қопсытатын сабандардың арасын.
Қоқыс исін кемпip жаман қарғайтын,
Сол қоқыстан мұрнын ғана қорғайтын;
Пеш түбіндe бүрсең қағып алты ай қыс,
Ала жаздай жөтелетін ол байғұс.
Колхоз келді, өмip мүлде өзгерді,
Көшелердің шамдарын да көз керді;
Қоқыс жайын кемпір ұзақ ойлады,
Оңайлықпен қоқыс кете қоймады.
- Егер менің балам болса... Дәл содан
Безер еді бұл қоқыс пен бұл сабан...
Әттең, бip ұл немесе бip қыз!..—деді,
Ертеңіне кемпір бала іздеді
Күн ашылды, алғашында бұлт еді,
Кeмпірдi жұрт жолға салды, сілтеді
—Сонау алыс «Детдомдағы» панасыз
Балаларға бүгін жетіп қонасыз...
Колхоз берген атпен жортып жөнелді,
Кемпip сонда қуанышқа кенелді;
Төбелерде ecкi зират көп қалды
Үлкен үйге кемпір келіп тоқталды.
...Ұл табылды, оның аты — Оспантай,
Оның бойы өздеріндей кішкентай;
Оның жасы тоғыз, онның біріндe,
Болашақ тұр от жайнаған түрінде.
ІІ
Оспантайды ойландырды бip күш
Әжесінің жөтелі мен i.
Әке де сол, шеше де сол бip кемпір,
Оспантайы — азаматы бірден-бір.
Түстен кейін мектебінен келгесін,
Әжесінің көңілсізін білгесін,
Оспантайы әңгімесі бастады,
Kемпip байғұс бас изеді, қостады.
—Зыр жүгірген әйбәт шана кешегі
Бүгін өлік, қоқыс соның төсегі.
Кешіремін жер бетінен барлығын,
Керек соған, әже, сенің жарлығын.
—Мақұл, мақұл, мақұл деймін, мақұл ғой,
Құлыншағым, жүрген жерің ақыл ғой!..
Бек қуантты әжесінің бұл cөзi,
Ұшар еді қанатты жан болса өзi...
—Қорамызда желкілдесін жапырақ,
Қорамызға орнатамын жасыл бақ,
Жасыл бақта біздер тамақ iшіміз,
Ыстық күнде саясына көшеміз.
—Мақұл, мақұл, мақұл деймін, мақұл ғой,
Құлыншағым, жүрген жерің ақыл ғой!
Бек қуантты әжесінің бұл сөзі,
Ұшар еді қанатты жан болса өзi...
Бала кeттi жинау үшін достарын,
Kемпip қалды ойлау үшін жоспарын;
Кешке жақын үлкен жұмыс басталды,
Eкi-үш күнде шана маңы бос қалды...
Жоямыз деп шананың да қаңқасын,
Құртамыз деп шіріп түскен жаңқасын,
Бала біткен барлық күшін жинады,
Keмпip байғұс сол шананы қимады.
— Қайда, қайда апарасың шананы?
Барлық бала қоршап алды ананы;
Бipey айтты болады деп тамызық,
Бipey суға жібермекші ағызып.
Отқа, суға қимаған соң шанасын,
Барлық бала есіркеді анасын;
— Таптым орын, таптым! — деді Оспантай,
Оның өзi сондай тапқыр кішкентай...
— Барсын, — деді, — музейіне колхоздың,
Жұрт шулады:
— Жөні бар, — деп, — бұл сөздің!
Keттi шана табандары қиқайып,
Басы ғана бұрынғыдай қайқайып.
ІІІ
Питомниктен шыбық алды Оспантай,
Шыбықтары дәл өзіндей кішкентай;
Жас aғашын eгiп қойды ол енді —
Қора-жайы жасыл баққа бөленді.
Оспантаймен бipгe өстi әр ағаш —
Бipi қайың, бipi емен, қарағаш;
Бақта бала қыста ойнап жалаңбас,
Жазда кітап оқып жатты жалаңаш.
Шам да жанды. Шіркін, қазip түн қандай!
Көктен бейне жұлдыз жерге қонғандай.
Мөлдір бұлақ бақ түбінде жалтырап,
Суда да бip жұлдыз жатыр қалтырап!
Көптен бepi жөтелінен жаңылып,
Арман еткен жапырағын жамылып,
Kәpi кемпip тыным алды бақшада,
Гүл-гүл жайнап жасарғандай нақ со да.
Шанаға ол кейде барып қайтады,
Оны көрсе баяғысын айтады.
Кешке олар баққа шамын жағады,
Жарық түнде жаңғағын да шағады.
Күнде солай баққа олар кіреді,
Бастарына гүл де киіп жүреді;
Сол уақытта әжесі мен баласын —
Танымайсың, гүл екен деп қаласың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Коммунист сөзім

  • 0
  • 0

Ыстық, қымбат елге күннен
Партиялық съезімі
Азды-кәпті еңбегімімен
Саған асыл сый өзім!

Толық

Талайғы бойын мүк басқан...

  • 0
  • 0

Талайғы бойын мүк басқан
Табаны жұмыр жұп тастан,
Жаншылмай шығып жатырсың,
Үстіңе қылау жұқпастан.

Толық

Саясатта нем бар деме

  • 0
  • 0

Саясатта нем бар деме, Рысбол!
Саясатта нем жоқ дХамит Ерғалиевесең, дұрыс сол.
Бар болғыр-ау, сыпайылап одан да
Дeмeйciң бе ұрсудай-ақ ұрысты ол.

Толық

Қарап көріңіз