Бір төбет туралы жыр – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Бір төбет туралы жыр» атты Темірхан Медетбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 725
(болған оқиға iзiмен)

Төбет едi ол ол арынды –
жотадай боп тұратын, –
арғы тегi,
кәдiмгi,
Алыпсоқтан шығатын.
Алысқанды тiк келiп
жерге бiрақ ұратын, –
сол аймақтың иттерi
одан түгел ығатын.
Жұлатындай жұлқынып
соқсын дауыл,
борасын, –
төбет едi ол
күн-түнi
күзететiн қорасын...
Сене алмаймын әлi бiр
естiген жұрт таң қалды:
сол бiр төбет бөрiнiң
қаншығына арбалды.
Арбады оны бөлектеп,
жасырынып,
тасалап...
Қаншық көрсе,
әдетте,
төбет деген осал-ақ!
Нәпсi –
қара құлқыны
емiндiрдi ентелеп!
сол қаншыққа бiр күнi
ерiп кеттi сол төбет!
Нәпсi жұтты төзiмiн,
жанын арбау iштi ғой...
Сонан кейiн
өзiнiң
қорасына түстi ғой!
Сол бiр төбет қағынды
дүрлiктiрiп даласын –
қан қақсатып ауылды
қанға малды қорасын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір төбет туралы жыр өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бір төбет туралы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір төбет туралы жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бір төбет туралы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері