Жалғыз қалғанда

Бұл бетте «Жалғыз қалғанда» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1229
Енді менің өмірімде
Жаз басталмай
Күз келетіндей;
Енді мені ғұмыры
Адам баласы
Іздемейтіндей.
Енді дүние
Солтүстік мұзды мұхиттай
Суып кететіндей;
Онсыз да
Балшықта қалған басымды
Тағы біреу кеп
Қайта- қайта тебетіндей.
Тек табиғат қана
Менен безінбейтіндей;
Тек табиғат қана
Мені ойлап
Көз ілмейтіндей.
Өліп жатқан
Менің үстімде
Аққулар сұңқылдап,
Қаздар
Алты айналып ұшып
Түстікке қайтатындай;
Денеме
Мейірімді жыландар оратылып,
Басымда
Қайырымды байғыздар
Жоқтау айтатындай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыз қалғанда өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жалғыз қалғанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыз қалғанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыз қалғанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері