Өлең, жыр, ақындар

Еркебай ата үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1221
Тыңда балам өтті қанша сарша күз,
Мен жатырмын елеусіздеу қоршаусыз.
Итте өтеді, малда өтеді үстімнен,
Білесің ғой өлген жандар қауқарсыз.
Ұрпақтарым қайда кеткен япырма-ау,
Жоғалдыма әлде ішінен иман жүз?!
Кімді көрдің бабаларын ұмытқан,
Қашан ерір көңіліме қатқан мұз!
Елім қайда, туыс қайда жан ашыр,
Тұрғызбада көп емеспе сан асыл.
Тастан емес, ең болмаса темірден,
Қоршап қойса тұрмаспа едім бір ғасыр!
Айтарым бар, ұлым саған әлі де,
Әруақ сыйлау үлкен парыз тіріге.
Қонақтасың сен әзірше түсінсең,
Ере көрме тақты ойлаған періге!
Әр нәрсені шырмап қосып өлеңге,
Көртышқандар шиқылдайды төбемде.
Мен сенбеймін айтқанына олардың,
Заманы бұл ұрылардың дегенге.
Көмбе толы кітап жатыр қойнымда,
Соның бәрін терең сақтап ойыңа.
Ұқыппенен кейінгіге жеткізсең,
Нағыз шашу болмаспа еді тойыңа?!
Тама, тама дария болар тамшыдан,
Іздене біл, білім қуып жасыңнан.
Туған жердің әр төбесі әулие,
Сусындауға бал бұлақ боп ашылған!
Қанат жайып құшағында бақ үміт,
Отқа жанбас елін сүйген нар жігіт.
Қуантады Алла танып өскенің,
Бабалардан іздей біліп ұлылық.
Өн бойыңа құятұғын таң нұрын,
Сен қадірле бабалардың әр үнін.
Ұға білсең қасиетінен даналық,
Болашағың көркем болар жарқыным!
Тәңір өзі сыйға тартқан өшпес нұр,
Семсер болып жаныңдағы алмас жыр.
Өсиетін сен олардың ту қылып,
Ұлы жолын келешекке жалғастыр!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жеңіс

  • 0
  • 11

Жеңіс! Жеңіс тебіренткен бар жанды,
Қуаныштан жанарлардан жас тамды.
Халқым аңсап, күткен ізгі үмітпен,
Бейбіт күннің ұлы маршы басталды.

Толық

Құлсары ата үні

  • 0
  • 0

Отаныңның биіктетер аспанын,
Шәкірттердің нұрға бөлеп жас жанын.
Жетелеген білім таудың шыңына,
Ел, ел емес сыйламаған ұстазын.

Толық

Шерхан аға!

  • 0
  • 0

Аянбастан қызмет қылған халқына,
Қайталанбас жау жүректі нар тұлға.
Әр сөзінде жанға қуат жалын бар,
Оған жетпес байлығың да алтын да.

Толық

Қарап көріңіз