Нашар досқа басымды көп шайқадым – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Нашар досқа басымды көп шайқадым» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Нашар досқа басымды көп шайқадым,
Көзге өтірік мақтайды.
Кей жігітті тыңдап көп сыр байқадым,
Ол шындықты сақтайды.
Сонда менің бұлт басқан жоқ өңімді,
Көп сынады. Сынбадым.
Ертеңгі ісім болу үшін өнімді
Сыр бермедім. Тыңдадым.
Талай ауыр туса ойдың таласы
Әр қия, әр деңгейде,
Есер дос пен есті дұшпан арасы
Белгісіздеу кей-кейде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері