Өзіңді өзің күтпесең – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өзіңді өзің күтпесең» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1924
Өзіңді өзің күтпесең,
Өзгеден көмек күтпе сен.
Шалдықсаң ауыр кеселге,
Басталар сарсаң, бітпес ем.
Ойыңды орап қайғы-мұң,
Жаныңды жейді құрт кесел.
Болмаса деннің саулығы,
Жарамсыз жансың түкке сен.
Дос емес саған, маған да –
Аурудың басы тағамда.
Не болса соны тықпалап,
Ашпағын қақпа аранға.
Артықша ішкен тамағың
Айналар түбі арамға.
Сақтанар болсаң сырқаттан,
Сақтаймын деген Аллаң да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері