Өлең, жыр, ақындар

Ол қазір қай қалада екен

  • admin
  • 01.09.2024
  • 0
  • 0
  • 371
Кім маған айта алады екен,
Ол қазір қай қалада екен?
Құмарттым күйдім – деп,
Ұнаттым сүйдім – деп,
Қалайша қайталады екен?
Ол қазір қай қалада екен,
Біреуді айқара ма екен.
Алыста аңсағанын,
Күрсініп шаршағанын,
Ішінен айта ала ма екен.
Ол қазір қай қалада екен,
Желпініп жайқала ма екен.
Күлкісіз күндерінде
Ұйқысыз түндерінде
Сағыныш байқала ма екен.
Ол әлде, осында ма екен,
Дертке дерт қосуда ма екен.
Өткен күн өкіндіріп,
Көктемдер желпіндіріп,
Елеңдеп тосуда ма екен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шаттық селі

  • 0
  • 0

Тәуелсіз күнім түзеп қаталықты,
Елбасы Абылай ханнан бата алыпты.
Кешегі «Щучинский» деген аудан
Бурабай ауданы боп аталыпты.

Толық

Ғасыр үні

  • 0
  • 0

Әр сөзінен аңқыған ғасыр сыры,
Қоңыр қобыз жан қозғар ашылды ірі.
Соңғы хабар соғыстан әкелгенде,
Әнуарбектің әлемге шашылды үні.

Толық

Осы қыз

  • 0
  • 0

Осы қыз маған неге көп қарады,
Жүрекке қарашығы от салады.
Жалғанда жаным қалса, жарар еді,
Кәкімбек Салықов

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар