Нан

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1241
Түстің өзі енуші еді мазақ боп,
түсімде нан... өзі қалың, өзі аппақ
жүрді мені елесімен азаптап.
Көзімді ашсам таба наным тек әлгі
маңайыма иісін тастап жоғалды
Содан шығар, тым ұйқышыл боп алдым.
Мезгіл қатал: мейлі көктем, қыс мейлі,
түс те қатал: қолыңа нан түспейді.
Түсімде де тата алмаған сол нанды
басқа біреу қызықтырып тістейді.
Үміт жайлап аш көңілді, бір күні
көз жұмып ем, тез ілінді кірпігім.
Шаңырақтан келе жатты Нан түсіп —
ұстап тұрып жұлып алдым қырпуын.
Ауызға жоқ, көңілді құр демеген,
дәме байғұс, әлсіз едің не деген!
Көзімді ашсам: бір қырпуы кетік ай
ауып бара жатыр екен төбеден.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нан өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Нан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Нан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері