Жаз шықты да – Жанғали Набиуллин

Бұл бетте «Жаз шықты да» атты Жанғали Набиуллин жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 03.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3897
Жаз шықты да,
Жаз шықты да,
бар табиғат шешінді,
Әр әсердің бағамы бар кесімді.
Декольтелер көзді қарып өтеді,
Ақ балтырлар алып әбден есіңді.
Көше толы әзәзілдер жосыған,
Өрт шығады кімнің бүгін қосынан?
Айналаңа сұқтана көп қарама,
Қан қысымы көтерілді осыдан.
Шықпай-ақ қой үй деген бір үңгірден,
Тағы қандай сынағы бар,
кім білген!
Осылай деп...
сені ме, әлде,
білмеймін,
Өзімді ме,
кімді үгіттеп тұрмын мен?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері