Өлең, жыр, ақындар

Көбелек - ІІ

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 699
Мен ғашықпын періштедей мүсінге,
Көбелекке — қос қанаты дір қаққан.
Бейне тылсым музыкалар ішінде,
Жаралғандай ұйқастар мен ырғақтан.
Соны аңсап құлазимын түсімде,
Сағынышқа шым, шым батқан, шым батқан.
Қос иықта қос қанаты — піріндей,
Гүлден баяу көтерілер дірілдеп...
Күн сәулесі інжу шашқан іңірде,
Отырамын жыр шарабын сіміріп.
Шырын сорған оның балғын тілінде,
Сөздер балқып жатқан сынды тым ұлы.
Қайталанбас музыканың үніндей—
Қанатының әр бір қаққан дірілі.
Гүлден баяу көтерілер күлімдеп,
Қос иықта қос қанаты — піріндей.
Санамдағы сағынышты жегенде ой,
Арманымдай елестейді үкілі.
«Сендік арман арғы әлемде!» дегендей,
Жұлдыз толы жүрегімнің лүпілі.
Немесе бір жазылмаған өлеңдей,
Қойылмаған нүктесі мен үтірі...
Қос иықта қос қанаты — піріндей,
Гүлден баяу көтерілер дірілдеп.
Қызыл, жасыл, қоңыр, яки күлгін бе,
Мың бір түрлі бояулармен жарасып;
Мен жазатын ең соңғы жыр мүлдем,
Тағдырыма тауысқанша бал ашып;
Қара түнге айналғанша қарашық;
Рухымның иісі аңқыр бір гүлден —
Гүл емес-ау, гүлдің әсем лаласы.
Сосын мен де ұшам көкке күлімдеп,
Қос иықта қос қанатым дірілдеп...

2006 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұмбақтас

  • 0
  • 0

...Мүжіп біткен уақыттың дауылы,
Менің мұңлы қиялымдай ескірген.
Сан ғасырлық сағыныштың жазуы
Сіңген саған һәм кеткен тым өшкіндеп.

Толық

Мінәжат

  • 0
  • 0

…Үһілемеші бейуақта.
Әр сөз – әмір.
Ауыр.
Қорғасын!

Толық

Ұлу

  • 0
  • 0

Еме, еме өскен ем Бөрі Анамның емшегін,
Көкірегіме құйып ап жанарымның мөлтеңін,–
Қияндарға жорттым сан сапар шегіп, жол шегіп,
Болсадағы тұманды бүгінімнен ертеңім.

Толық

Қарап көріңіз