Көктем әсерінен – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Көктем әсерінен» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 24.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2154
Жасыл түсті секілді нұр, арай да,
жасып қалған секілді алап, маңай бар.
Тастардан да сабыр қашқан тәрізді,
Кәрінің де ақылы жоқ абайлар.
Көк теректер көтеріліп еңсемен,
желпінетіндей биікпін деп, мен сенен,
мен де терек жапырағы боп сылдырап,
мен де еменнің бұтағы боп теңселем.
Көңіл шіркін әр қилы ғой,
әр қилы,
әсері де ән күйдің:
ақ гүлдердің арманы боп ашылып,
қызыл гүлдің қиялы боп қалғимын.
Баяу жылжып капрон-бұлт, ақ мұнар
мына қырдан ана қырға қақтығар.
Жел үп етсе көңіл құсап өрепкір —
өрепкуге дайын тал мен терек тұр.
Бір ғажайып нұрлы шақ:
фонтандар тұр көкке күміс бұрғы сап.
Сәске түсті бүкіл осы Жетісу
газ-орамал жамылғанға тұрды ұсап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем әсерінен өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Көктем әсерінен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем әсерінен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем әсерінен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері