Сезім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сезім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1440
Нәзік ұғым сезім деген,
Көп адамдар сезінбеген.
Жатсам-тұрсам өзің болып,
Күндерім ол көз ілмеген.
Сезім бойды балқытады,
Сезім ойды шалқытады.
Жатсам-тұрсам өзің болып,
Алтын айдай қалқытады.
Сезім мені тербетеді,
Қиялымды өрлетеді.
Сәл көрмесем, сахарадай,
Ынтызарлық шөлдетеді.
Ақтарылып ән бұлағы,
Сезім жанды жандырады.
Ақыл-естен тандырады,
Бір өзіңе тән қылады.
Сезім көңіл пернесі екен,
Әр дыбысы дербес екен.
Махаббаттың жыры болып,
Сезім мәңгі сөнбесе екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері