Сен деп жүрек бұлқынды – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сен деп жүрек бұлқынды» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2189
Сыңғыратып күй түрлі,
Шайдай аштың ұйқымды.
Келбетіңмен керемет
Сүйкімдісің, сүйкімді.
Жан жаулаған сиқырлы,
Ұнатамын күлкіңді.
Қылығыңмен керемет
Сүйкімдісің, сүйкімді.
Болса да қыз мың түрлі,
Бәрі басқа, біртүрлі.
Сымбатыңа сұқтанбай,
Өткізбеймін бір күнді.
Сен деп жүрек бұлқынды,
Бір өзіңе ұмтылды.
Бермесең де қылқыңды,
Бермеші тек сыртыңды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері