Мынау қысты сүйіп қалдым – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Мынау қысты сүйіп қалдым» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 590
Мынау қысты сүйіп қалдым,
Келсе дағы күзді ұрлап.
Жұқа пальто киіп бардым,
Жып-жылы ғой сіздің жақ!

Таулары да тым өзгеше,
Шым жамылған тастары.
Біздің жаққа қарағанда,
Сәл солғындау аспаны.

Бітпейді екен бақтарыңда,
Қыс пен жаздың тартысы.
Жылы лептің ақтарылған,
Сөзіңде жүр жартысы.

Сылық иттің үрісі де,
Түгел жандай ұпайы.
Тұлпарының желісі де,
Жүрісі де сыпайы.

Тек толқыны бағынбайды,
Сәлемдесті ентелеп,
Қалсам болмас бұдан ары,
Қайтып кеттім ертерек.

Мынау қысты сүйіп қалдым,
Келсе дағы күзді ұрлап.
Жұқа пальто киіп бардым,
Жып-жылы ғой сіздің жақ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері