Қағаз самолеттерiм – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Қағаз самолеттерiм» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Аунап түстi тағы бiр күн парағы
Айна көлдер – көңілімнің жанары.
Жүрегімнен бірін-бірі қимаған
Сағыныштың қаздары ұшып барады...
Көбелекті қуа алмаймын.
Даласыз.
Табанымда асфальт жүзді,
қала, Сіз!
Қалғым келген
қайғысы жоқ сәби боп,
Қалғым келген
жүректей боп жарасыз.
Сен үшін де, мен үшін де бар құны
Еркеліктің иісі менен аңқыды.
Мен өмірді сүйіп жүрмін ес-түссіз
Балалық шақ, сені сүю арқылы.
Қандай тәтті-ең дәмі бала-өкпенің!
Сол күндерге жүгірсем де жетпедім.
Мені тастап мұңдары көп мекенге
Кетіп қапсың, қағаз самолеттерім!
Қаз сияқты қалықтайды сол арман.
Қол бұлғайды қиялдарым –қара орман.
Көкжиекке сіңіп кетті Бала күн
Қағаз самолеттерімдей жоғалған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қағаз самолеттерiм өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Қағаз самолеттерiм өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қағаз самолеттерiм өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қағаз самолеттерiм өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері