Жалғызым – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Жалғызым» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жұлдыз тамып, бір-бір үміт сөнеді.
...Көк жүзіне қарамайды ел енді...
Сен аспанды көре алмай қалдың деп,
Асфальттардан аршып алғым келеді...
Қайда барсам, қайда шықсам Ой тауы.
Ой таулардан тек мұңайып қайтамын.
Сен булығып... жылап жатыр екен деп,
Мен үнемі бесік жырын айтамын...
Діріл қақты, діріл қақты кіл айдын.
...Бұл адамдар қорықпайтын сыңайлы...
Сен құмығып... үрейленіп кетті деп,
Заманадан тек тыныштық сұраймын.
Сені көрсем, жылап-жылап жасыған,
Мен қалайша үнсіз қалам?! Басылам?!
Сен күрсініп... уайымдап қалар деп,
Мен өзіңнен көз жасымды жасырам,
Жерім менің...
Жерім менің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғызым өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Жалғызым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғызым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғызым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар