Күзгі көңіл – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Күзгі көңіл» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3235
Қаратып үлгертпей-ақ жан-жағыма,
Тағы бір күздің келіп қалғаны ма?
Жылдарым дөңгеленіп өтіп жатыр,
Ұқсап қырдық жүйрік каңбағына.
Ұзатып қайтқан құсты, қамығамын,
Шашымнық ағын көріп, жабығамын.
Ал бірақ сын сағаттың кезі келсе,
Белгілі сертті жерден табыларым.
Жақсылар қиын жерде сыналады,
Жамандар не айтсаң да, құп алады.
He керек, алмағайып бұл заманның,
Әнекей, келсең кел деп тұр алаңы.
Бәр-бәрі сол алаңда белдеседі,
(Жеңсе екен тиетіндер елге себі).
Жамандық жұлқысады жақсылықпен,
Сіңіріп жіберем деп жерге сені.
Көңілім, қыран едің, ұран едің,
Хабарын сезгендейсің, сірә, ненің.
Қабағы ашылмаған осынау күз,
Жайымды байқатып тұр мына менің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күзгі көңіл өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Күзгі көңіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күзгі көңіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күзгі көңіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері