Қазақпын дейсің, шәгім бар десем, ауыр-ау

Бұл бетте «Қазақпын дейсің, шәгім бар десем, ауыр-ау» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 740
Қазақпын дейсің, шәгім бар десем, ауыр-ау...
Болса да ауыр, тіліміз жауыр тәңір-ау.
Өз тілін қор деп, жат тілді зор деп күн кешкен
Қалпыңды не деп ұқ дейсің маған бауыр-ау,
Жаңара да бер, жасара да бер кім қарсы?
Халқым деп күйсең бола берейік біз жаршы.
Ұлтыңның болшы намысын жоқтар шын ұлан,
Ділің де тілің қазақ боп нағыз тұра алшы.
Өмір — тоғысы қуаныш пенен кейістің,
Азары ауыр көкейге қонбас кей істің
Мемлекет үшін Алтын қор – Адам десіп ек
Сол бір ісіміз ала алмай қойды өріс тым.
Көңілдер тұнжыр, жүретіндер аз жайраңдап
Мәнісі мынау уақыт ауып, тайған бақ
Қоғамға бүгін байлардан өзге қажетсіз
Өзен өмірдің жағасында қалды қайрандап.
Қатар кино көру қиын бала-шағаң отырып,
Тағы дүлей ербеңдеген ес жия алмай өкіріп...
Өркениеттен алған үлгі өмірге еніп барады...
Мәдениет басшылары, өзің айт десең өтірік.
Ал осыдан басқалары кісі өлтіру жайында
Соңын соның ағайындар өзің ойла, пайымда.
Ертеңгі күн өз ұрпағың үйреніп бар тәсілін
Опық жерміз деген қауіп келмей ме әсте ойыңа.
Үміт қып, ел сенімін осы ақтайды
Дегенің іс тізгінін босатпайды...
Түзу жол тауып тура жүре алмай,
Тұлпарға қой торысын қосақтайды.
Шамалап өз өресін парықтамай,
Ғарышқа қол созады арық талай.
Көрмеген қолына өнер құсы қонып,
Игергенсіп жүр шынды алып талай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақпын дейсің, шәгім бар десем, ауыр-ау өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қазақпын дейсің, шәгім бар десем, ауыр-ау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақпын дейсің, шәгім бар десем, ауыр-ау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақпын дейсің, шәгім бар десем, ауыр-ау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері