Құс қиялы – Жәркен Бөдешұлы

Бұл бетте «Құс қиялы» атты Жәркен Бөдешұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1375
Шынжырлаусыз
Томағасыз –
Құспын мен.
Құс болған соң:
Ұштым
Ұштым
Ұштым мен.
Көлбеңдеген көлеңкемді қайық қып,
Жүзіп өттім, дариялар, үстіңнен.

Ұшып өттім таулар, сенің төбеңнен,
Ұшып өттім жер бетімен көнерген.
Көне алмаймын отыруға омалып,
Басқа азаптың бәріне де көнем мен.
Қанатымды сыпыртқы етіп жер жүзін,

Тазалаймын лас, қоңыс,
Сең, мұзын.
Сілкіп, желпіп адамзаттың санасын,
Айдап шығам ішіндегі жел-құзын.

Көресімді ұшып жүріп көремін,
Ажал жетсе ұшып жүріп өлемін.
Көнбеймін-ау, жалынсаң да көнбеймін,
Тек шындықтың үкіміне көнемін.

Ай,
Жұлдыз,
Бұлт
Бермегесін жемісін,
Жерге қондым жем үшін.
Ей, адамдар, табалама сол үшін,
Ей, адамдар, табалама сол үшін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құс қиялы өлеңінің авторы кім?

Жәркен Бөдешұлы — осы өлеңнің авторы.

Құс қиялы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құс қиялы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жәркен Бөдешұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құс қиялы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері