Қыз мұңы – Жәркен Бөдешұлы

Бұл бетте «Қыз мұңы» атты Жәркен Бөдешұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1637
Басылмаған сонысы,
Абыржыды қыз қатты.
Етіктің тар қонышы,
Тоқ балтырын сыздатты.
Етікшіге ерте кеп,
Кеңейтті тар қонышын.
Тым ебдейсіз еркелеп,
Созды асығыс қол ұшын...
Қайта айналып қонды күз,
Бұлтқа кірді ай жүдеп.
Балаусадай солды қыз,
Жас жүрегін қайғы жеп.
Мысқа айналып алтыны,
Жылады ару солқылдып.
Семіп қалған балтыры,
Кең қонышта қолпылдап...
Етікшіге тағы кеп,
Кең қонышты тарылтты.
Баяғыдай бабы жоқ,
Қам көңіл боп қамықты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз мұңы өлеңінің авторы кім?

Жәркен Бөдешұлы — осы өлеңнің авторы.

Қыз мұңы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз мұңы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жәркен Бөдешұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз мұңы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері