Қатігез күннің қылығын – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Қатігез күннің қылығын» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қатігез күннің қылығын,
Жапырақтардың дірілін,
Арамдықтарын адамның
Жек көретіндердің бірімін.
Мұнара арман, мұнара,
Аласармашы күн ара.
Жердегі барлық жеңісім
Сезімталдықтан шығар, ә?
Балдырған көзді арманым,
Жанғаның керек, жанғаның.
Қулығы көп-көп өмірден
Ешқайда кете алмадым.
Шаршаған жоқпын, шалдықтым,
Басымнан өткен барлық мұң,
Жекпе-жекке де шығайын
Жыға алсаң жықшы, ал мықтым.
Әй, қайдам, менің жанымды,
Жүрегімдегі әнімді
Өшіре алған ешкім жоқ
Жанарымдағы жалынды.
Мазамды ал, тіпті, әурелен,
Аласармайды-ау тау деген.
Жаралды жаным-жапырақ
Таудан құлаған сәуледен.
Сәулені жеңу мүмкін бе?
Сәулені жеңу мүмкін бе?
Жеңістерімнің барлығы
Тау болып кетті бір күнде


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қатігез күннің қылығын өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Қатігез күннің қылығын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қатігез күннің қылығын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қатігез күннің қылығын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері