Жар дегенің – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Жар дегенің» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 712
Жар дегенің жарты деген сөз екен,
Құралдың ба бүтінделдің онымен.
Ғұмырыңның жартысы да сол екен,
Қалған күнді бірге өткіз жөнімен.

Жар дегенің түзу жүрсең кең жазық,
Қиыс бассаң құлататын құлама.
Кімдер екен қойған солай ор қазып,
Жардан сұра басқа ешкімнен сұрама.

Жар дегенің жарылқайтын кісі екен,
Қас-қабағы аңдулы аттан түспейтін.
Жар дегенің жарғанаттай құс екен,
Түн баласы шаруалары бітпейтін.

Жар дегенің жарқыраған күн екен,
Мейірленсе нұрландырар жүзіңді.
Жар дегенің жаратқанның құлы екен,
Жұптастырған жалғау үшін ізіңді…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері