Ақын үні – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Ақын үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1447
Абдырадым мен өзіңді таба алмай,
Қай жердесің асыл баба Еркебай.
Құлыптас жоқ бәрі құмға айналған,
Ғасырлардан жетпей қалған хаттардай.
Жермен жексен болғаныма сүйегің,
Қалың шөптер қорғаушың боп сақтардай.
От кеудемде сан бұлқынып нар талап.
Қаққанында сағыныштан жыр қанат.
Орта тұстан белгі беріп иреңдеп,
Қара жылан көрден шықты мұндалап.
О, әруақ, дұға оқиын сабыр ет,
Өзіңде ғой сырлы жұмбақ құдірет.
Қасымдағы Әтін қарттың Сақиы,
Бабам ғой-деп күбірлейді елжіреп.
Аққу ұшты осы бір сәт көгімде,
Дауыс жетті баба сенің үніңбе?
Сөйле, сөйле қасиетті киелім,
Ұрпақтарын жетектеген ілімге!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері