Өмір туралы ой – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өмір туралы ой» атты Абдрахман Асылбек жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1596
Отын жағып үміттің,
Алаулап таң атады.
Бір орыннан шығып күн,
Бір орнына батады.
Сенім оты суымай,
Арман таңы атады.
Бір орыннан туып ай,
Бір орнына батады.
Нұрын төгіп шың-құзға,
Зеңгір көктің шырағы –
Жарқыраған жұлдыз да
Бір орында тұрады.
Жүрегіңе жыр кұйып,
Жайқатылған баулар да;
Тілсіз, үнсіз тұңғиық
Тұра берер таулар да.
Түссе түннің түнегі,
Таң келеді қайтадан
Балбұлақ та үнемі
Бір қалыпты айтады ән.
Ақиқатқа нанасыз,
Күйін, мейлі күйінбе.
Хайуандар да санасыз
Қала берер күйінде.
Зыр айналып бұл заман
Бір қалыпта заулайды.
Осылайша бұл ғалам
Бір қалыптан аумайды.
Тек адамның санасы
Бағынбайды заңға бұл.
Жалған Жер, Көк арасын,
Уақыттан алда жүр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір туралы ой өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Өмір туралы ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір туралы ой өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір туралы ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері