Қарағайға қарсы бұтақ біткенше –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Қарағайға қарсы бұтақ біткенше» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге иір бұтақ бітсейші...»
Зауалың бастан асты ғой,
Заманым, соны күтсейші?
Еменнің тегі – Емен де,
Қарағай тегі – Бəйтерек.
Шерлінің шегі шеменге
Айналып кетсе қайтер ек?
Иірдің аты иір ғой,
Қиынның аты қиын ғой.
Кешігіп келген бір бақыт
Кетер ме бізге бұйырмай?..
Соны ойлап басты зеңіттім,
Заңымен арғы затымның –
Шідерлеп атын Желіктің,
Күдерілеп атын Ақылдың.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі