Ақынның қай кезде де ауыр жолы –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Ақынның қай кезде де ауыр жолы» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақынның қай кезде де ауыр жолы.
Қинайды қияметтік бауыр жоғы.
Арманда ақыл-ойдың азабынан
Жалғанда арқасы мен жауыр жоны.
Ақынның қай кезде де алыс жолы.
Қинайды тағдырлас дос, таныс жоғы.
Жолақ жон жолбарысқа жолықпаса,
Қайтсін ол қояныңды қамыс толы!
Ақынның қай кезде де ауыр жүгі.
Қаймана қайдан ұқсын қауым мұны.
Жарасын жүрегінің жалап жазар
Жалт ойнап жанарында жауын күні!..
Ақынның қай кезде де жаны жалғыз,
Көшпейді көзінен мұң, маңынан күз.
Тірлікте тірі екенін нағылармыз,
Өлген соң сағынармыз, табынармыз...
...Ақынның қай кезде де жаны жалғыз.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі