Алакөлдің ақиығы – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Алакөлдің ақиығы» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2022
  • 0
  • 0
  • 908
Аққуын Алакөлдің шерулеткен
Өтіпті-ау ес жиғанша Елу көктем...
Мың бөліп ақын мұңын теберіктей,
Кім келіп ақын жүгін жеңілдеткен?
Алакөл тілемейді шүрегейді,
Баптайды ол бапкер дейін бірегейді.
Қақпасын ақ орданың ашып тастап,
Ат басын кім Елуге тіремейді?.
Қолға алып "Бел-белесте" "Адырнаны"
Садағын Сәкен ақын тағы ырғады.
Қалың ел қаумаласқан қабырғалы –
Мереке мерейлі екен мамырдағы.
Жамырап Жетісудың мың булағы
Ақ жүзін ақиыққа Күн бұрады.
Ақынды ақбоз үйге жетелейді
Достары, інілері, құрбылары...
Ашылар гүл сияқты әр көктемде
Сал көңіл Сәкендерден соң кеткен бе?
Жайылар ақын жаны алақандай,
Аққудың қанатымен ән жеткенде.
Оқа емес ағарғаны шаштың ептеп,
Жасындай бір жарқ етіп жастық өтпек...
Табылған Тәңір шыңнан Елуінде
Сәкенді атайды елі Тастүлек деп.

1988 жыл


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері