Менің Әнұраным
Бұл бетте «Менің Әнұраным» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Бұл өлең Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында жарияланған Әнұран бәйгесiне ұсынылған)
Бiз – қазақ, тағдыры тамұқта сыналған,
Тұрлаулы жол тапқан тұңғиық тұманнан.
Жаңарсын дүние жасампаз еңбекпен,
Тазарсын дүние iндеттен, ылаңнан!
Қайырмасы:
Асқақтай желбiреп жалауы,
Әлдиле, бейбiт күн, әр елдi.
Қауымдас халықтар қалауы –
Тыныштық билесiн әлемдi!
Бабалар арманы – аманат балаға,
Сәулелi санаға нұр құйды замана.
Ерiктi елiмiз, кең байтақ жерiмiз,
Сен үшiн арымыз, жанымыз садаға!
Қайырмасы:
Бұл ғалам ғажайып, бұл ғасыр ғаламат!
Адамзат тiлегi – амандық, саламат.
Арайлы таңымыз, баянды бағымыз,
Ұрпақтан ұрпаққа аманат, аманат!!!
Қайырмасы:
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі