Ұран
Бұл бетте «Ұран» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кеңдiгiм – кемелiм,
Теңдiгiм – тереңiм.
Елдiгiм – еменiм,
Ерлiгiм – еренiм!
Қаһаным – Тәңiрiм,
Жаһаным – жарығым!
Қара алтын – қадірім,
Сары алтын – сабырым.
Айдыным – аспаным,
Айбыным – асқарым!
Тарихым – тастаңба,
Шежiрем – дастаным.
Ер тұран – тұрағым,
Ерке ұлан – қыраным!
Ер-тұрман – пырағым,
Ел-жұртым – жұмағым!
Жазира – жайнағым,
Қазына – аймағым.
Көк төрi – байрағым!
Көкбөрi – айбарым!
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі