Ахаң туралы аңыз – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Ахаң туралы аңыз» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1001
Алламен атың ұқсас арыстаным,
Шыққанда Лаухил Махфуз – ғарыштан үн.
Тіл қатқан сол Тәңірге адамзаттан –
Сен едің, құлақта әлі дауыстарың.

«Ахмет Құдайменен сөйлесіпті» –
дегенді жер құлағы сан есітті.
Құдай да қазақшаға жүйрік екен –
Екеуі бір рахат күй кешіпті.

«Қазақты Құдай оған «ел қыл» депті,
Еншіңе ен даланы бердім депті.
Сондағы Елшім сенсің, саған сенем –
Беделім, сен боласың белгім – депті».

Ал содан бастады Ахаң тілден бәрін,
Алғандай Айдан – қуат, Күннен – жалын.
Тазартты ылас сөзден, кір-қоқыстан –
Нәр құйды, тіл емдеудің білген заңын.

Көтерді ғылыми тілге дейін оны,
Мағынасы бәрі – жаңа, бәрі – соны.
Содан соң ашты ғылым қақпасын ол –
Адамзат дамуының сара жолын.

«Сен түгіл Құдайыңның өзі білген, –
Тіліңнің қасиетін сезіп, үйрен!»
Деді де қазағына, бауырына –
Жоқ еді осы жолда көзін ілген.


Не керек, сор ма біздің маңдайдағы,
Айыпты үйіп-төгіп қай-қайдағы.
Көпсініп алтын басын пақыр елге –
Қамады, қырға айдады, ойға айдады.

Ойлаған жеткізбеді мың ісіне, –
Тағдырдың дегенінше, мұнысы не?
Кезінде Көк Тәңірісі ұйықтап қалған
Атты оны «жер құдайы» түн ішінде! –

Естідім осы аңызды бала шағым,
Кезімде ой – аласа, сана – шағын.
Көз қиып Ахаңды ату неткен сұмдық –
Қазақтың атқаны ол болашағын.

Бәрі бар халық айтқан осы аңызда,
Жақсыға жасық сөзді қосамыз ба? –
Халық бар, халық болса Ахаң да бар
Әнекей, отыр қазір ортамызда.

Шілде айы, 1991.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ахаң туралы аңыз өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Ахаң туралы аңыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ахаң туралы аңыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ахаң туралы аңыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері