Жағалауда

Бұл бетте «Жағалауда» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1742
Белгісіз теңіз кәні,
Бұлты кәні,
Тұтасып аспанға бу ұмтылады.
Тентек қой, теңіз жаны көнбес тегі,
Көк сүңгі бұлт астында бұлқынады.
Сытырлап мұз құрсауы жыртылады,
Жалаңаш кеудеден бу бұрқырады.
Көк Балтықтың үстінен көлбеп жатқан,
Тұтасқан толқын-толқын жыр шұбады.
Қараймын шұбатылған жыр көшіне,
Қашанғы берік екен іргесі де.
Райнистың от-жалынды жырын естіп,
Ризамын аспазиямен сыр кешуге!..
Көп болған шығар ақын күндесі де,
Көп болған шығар жүрек үндесі де.
Шертеді сыр бүгінгі бақытты ұрпақ,
Келтіріп сонау қатал күнді есіне.
Бұл күнде халқым бар ма мұң кешуге,
Сырлар көп, сыймас ғұмыр, бір кешіңе...
Өшіре алған жоқ оның дауыл үнін,
Қан тамған зұлымдықтың түрмесі де!..
Биіксің, адамзаттың күресінде,
Есімің туған елдің жүр есінде.
Айтшы, ақын, балтық болмай,
Кім болушы ең,
Тиген соң құдіретті жыр үлесіңе!
Белгісіз теңіз кәні,
Бұлты кәні,
Тұтасып аспанға бу ұмтылады.
Тентек қой, теңіз жаны көнбес тегі,
Көк сүңгі бұлт астында бұлқынады!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жағалауда өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Жағалауда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жағалауда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жағалауда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері