Сен Каспийдің сағасында қалғанда

Бұл бетте «Сен Каспийдің сағасында қалғанда» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2515
Сен Каспийдің сағасында қалғанда,
Мен Жайықтың жағасында мұңайдым.
Бармақтай бақ таба алмаған жалғанда
Мені немен жұбатады бұл айдын?
Сезім желпіп толқынға ма, желге ме?
Өзім елтіп құр ойменен сенделем.
Маған бейуақ жолыққансың сен неге?
Қалай сені сүйіп қалғам мен деген?
Маңғыстаудан мейір таппай келгем жоқ,
Жайық, төмен сала көрме жүзіңді.
Қуаныштың құшағына енгем көп,
Сағыныштан сартап жасым үзілді.
Өлең жазсам қасіретімнен айықтым,
Бар жазығым – сені өлердей сүйгенім.
Жағасында гәкку мекен Жайықтың
Жалғыздықтан жынданатын күйдемін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен Каспийдің сағасында қалғанда өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Сен Каспийдің сағасында қалғанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен Каспийдің сағасында қалғанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен Каспийдің сағасында қалғанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері