Өтер күндер – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өтер күндер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2059
Неткен нұрлы күлімдеген көздерің,
Неткен үнді сүйдім деген сөздерің.
Сен тұрғанда жаз күніндей жайқалып,
Не қылайын өрімталын өзгенің.
Өтер күндер, өтер түндер білінбей,
Сырғымалы сиқыр сағат тіліндей.
Бір қалыпты қала бермес дүние,
Оңар жайлап текеметтің түріндей.
Тұрған кезде нұрландырып ажарың,
Тұрған кезде думан құрып базарың,
Еркелеші, еркелешіі, сәулешім,
Қалықтасын сұлу сазды наз әнің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтер күндер өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Өтер күндер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтер күндер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өтер күндер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері