Бұл бетте «Тәңір сыйы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
05.08.2019
0
0
6461
Жан сырымды өзіңе
Жайып салып есілем.
Қарақаттай көзіңе
Көрген сайын тесілем.
Кетсең кейде алыстап,
Күдікті күн кешірем.
Жүректі мұң жаныштап,
Күтем қырдың төсінен.
Өзіңменен мерекем,
Мәртебемді өсірем.
Тәңір сыйы сен екен –
Таусылмайтын несібем.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі