Сен жайлы ойлағым келмейді – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Сен жайлы ойлағым келмейді» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2098
Сен жайлы ойлағым келмейді,
Бүгін де, ертең де.
Салынған селтеңге
Жаныма ермейді
Үмітім ерте өлген.
Ұмытқым келеді
Тумаған күндерді,
Жұлмаған гүлдерді,
Қалдырған сүлдерді
Түндерді.
Ойлағым келмейді
Сезімді,
Сені бар көзімді,
Тәубесі тоналған төзімді
Өзімді.
Күтуден таймаған
Безсе де айналам,
Күнәһар болмысың
Тірлігім солды шын
Жайнаған.
Ойлағым келеді жырақта
Жас тамып
Басқаны
Бірақ та...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен жайлы ойлағым келмейді өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Сен жайлы ойлағым келмейді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен жайлы ойлағым келмейді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен жайлы ойлағым келмейді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері