Арманымның асырардай шоқтығын

Бұл бетте «Арманымның асырардай шоқтығын» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2611
Арманымның асырардай шоқтығын,
Арып-ашып күн кешемін.
Далбаса.
Бұл өмірде ештеңем де жоқ, күнім,
Жасы кеппес өлеңдерім болмаса.
Шарап жеңіп, сауық-сайран құрғам жоқ,
Жасқанбастан тағдыр мұңын жолдаса.
Мінезім де жетісіп бір тұрған жоқ,
Сені құшар ақ жүрегім болмаса.
Атақты емен, дәулетті емен, дарамын,
Шабыт қана.
Шашылмайды ол да аса,
Өмірге бос келіп, кетіп барамын,
Сені өлердей сүйгендігім болмаса...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арманымның асырардай шоқтығын өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Арманымның асырардай шоқтығын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арманымның асырардай шоқтығын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арманымның асырардай шоқтығын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері