Тағдыр – Қасен Мөлдір Жұмабайқызы

Бұл бетте «Тағдыр» атты Қасен Мөлдір Жұмабайқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Күйретіп алып құрауға неге асықтың?
Биікте тұрған көңілді неге жасыттың?
Тоңдырып алып суығына жаныңның
Жылытуға сонша неге асықтың?

Шахматтай ойын санап өмірді,
Көзірлерін жүру үшін тосыпсың.
Жанарымның жастарына қарамай
Жыртығыма жамау болып қосыпсың.

Жүздеріне бетпердені киіп ап,
Төзім менен сергелденді шошыттың.
Сену үшін ыңғайланып тұрғанда
Сенімімді орта жолдан тосыттың.

Енді келіп жылы жүзбен алдайсын,
Неге осы жоғалып та қалмайсың?
Құм боп кеткен жігерімді уатып
Мүшкіл хәлді біліп тұра қорлайсын.

Жақын жаның ең терең қып із салар ,
Деген кезде мен ондайға сенбеуші-ем.
Сол жан үшін сезім деген жылғалар
Ағып жатып, тоқтап қалса көнбеуші-ем.

Бірақ... бірақ сынағаным не теңім?
Білем, білем осы тағдыр екенін .
Сен мен үшін қисығым боп жаралған
Ал мен болсам түзетуші екенмін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағдыр өлеңінің авторы кім?

Қасен Мөлдір Жұмабайқызы — осы өлеңнің авторы.

Тағдыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағдыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасен Мөлдір Жұмабайқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағдыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері