Түнгі қала

Бұл бетте «Түнгі қала» атты Қасен Мөлдір Жұмабайқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Түнгі қала... Шамдары жарқыраған...
Дәл осындай ұнайды қалпы маған.
Әуеніме үйлескен түн-тыныштық
Сиып кетер өзіне жарты ғалам.

Иісі де сағыныш иісіндей,
Үнсіздікке әлемім жиі сіңбей.
Сезіміме жаралған жан дүние
Сағынуда жанарым сәт ілінбей.

Кеудеме махаббатым үңіліп... Ұмытылды.
Жанарыма ұмыт болған сыры тыңды.
Әңгүдікке теңелген сезім байғұс
Сағынышқа оранып болды жынды.

Қойнына сап, түн әлемін үгітті,
Өлтіріп ап, қоя салдым үмітті.
Таң бозарып атуға шақ қалғанда
Шапағы кеп қара мұңды жібітті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнгі қала өлеңінің авторы кім?

Қасен Мөлдір Жұмабайқызы — осы өлеңнің авторы.

Түнгі қала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түнгі қала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасен Мөлдір Жұмабайқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түнгі қала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері