Нұрмолда Алдабергеновке – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Нұрмолда Алдабергеновке» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1133
«Бата жүрген емес-ті
Ассыз аяқ, құр қолға»
Шарықтап біздің ел өсті,
Өсірісті Нұрмолда.
Бұл әлемге әйгілі —
Нұрмолда Алдабергенов,
Жарыста талай бәйгені
Алып жүрген өңгеріп.
Тақыр жерді ол басса,
Ізіне егін өседі.
Байлыққа байлық ұласса,
Көбейтеді есені.
Семіреді ілезде,
Ол кездескен көтерем,
Кетеді көркем қала боп.
Санына әрең жетер-ең
Машина болып кетеді
Aт, өгіз, есек түйесі,
Керекке түгел жетеді
Нелер алуан жүйесі.
Жобалғы ауыл ол барса
Кетеді көркем қала боп.
Жыпырлай қалың шам жанса
Шаттанбасқа шара жоқ.
Өзендерді өзінін,
Керегіне бұрады.
Шырасы жанып кезінің
Электрге тұнады.
Құлазыған ылди-өр
Кетеді бақша — бау болып.
Шырыны балдай жемістер
Үйіледі тау болып. 
Ол барған жерден надандық
Ат-тонын ала қашады.
Білімге сусын қанарлық
Мәдениет ошағы.
«Әліп-биді» аңғарды
Нұрмолда өзі кешірек
Танысқан ғалым таң қалды
«Профессор осы»— деп.
Таудай жүкті көтеріп
Тұтасқан күшті көп иық.
Міндеттер талай өтеліп,
Сүттей халық тұр ұйып.
Бақытқа түгел кенеліп,
Ауылының ұл-қызы,
Ордендерге бөленіп,
Жарқырайды жұлдызы:
Нұрмолда төске қадады
Сол жұлдызды қосынан,
Еңбектің барлық адамы
Қуанышты осыған.
Тапжылмайды талай жыл
Еңбектің туы қолынан.
Адаспайды адал ұл
Компартия жолынан.
Алпыс жаста ауылдың
Келеді еңбек өрінде
Коммунистік қауымның
Мәңгілік орны төрінде.
Мраморлы тарихқа
Алтынмен аты ойылды.
Болсын деп мұра халыққа
Тірідей мүсін қойылды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нұрмолда Алдабергеновке өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Нұрмолда Алдабергеновке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нұрмолда Алдабергеновке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нұрмолда Алдабергеновке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері