Келер ме бiр хабар деп ғашық жақтан
Бұл бетте «Келер ме бiр хабар деп ғашық жақтан» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Келер ме бiр хабар деп ғашық жақтан
Бейбақпын бiр жүректiң нəшiн баққан.
Арасы жер мен көктiң албырап тұр
Кiрпiгiн арудайын ашып-жапқан.
Алыстан үнiң жеттi үзiлмелеп.
Кешегi керiмсалдан күзiм бөлек.
Қараймын жерде жатқан жапыраққа
Iлкiде жүрiп өткен iзiң бе деп.
Нəн қала.
Нəрсiз, өңсiз оңаша бақ.
Қайтейiн талшыбығын тамашалап.
Жалғыздық жанды жайлап бара жатыр,
Жаныма сен келмесең арашалап...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі