Мезi мезгiл меңдеп менi бiр өңшең
Бұл бетте «Мезi мезгiл меңдеп менi бiр өңшең» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мезi мезгiл меңдеп менi бiр өңшең,
Көптен берi көтерiлмей жүр еңсем.
Аллаға мың шүкiршiлiк айтар ем,
Ауруымнан айықтырып жiберсең.
Көңiлiмде – көбiк көшкiн, күрең сел...
Бүгiн тағы көтерiлмей тұр еңсем.
Жүзiң жылып,
Жiбiр ме едi жүрегiң,
Жiбек жiптен өлең тоқып, жыр өрсем?
Жырың жұмбақ,
Түрiң қымбат...
Кiм ең сен?
Тiлегiмнен табылар ма ең, тiленсем...
Қара жолда қаңғып жүрiп,
Қайтер ең,
Қасың менен қабағыңа тiрелсем?
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі