Бір тағдыр бар...
- 0
- 1
Бір тағдыр бар
Сыр әйнегі шытынап,
Арман оғы бытырап,
Шыңдықтан алшақ жатқан.
Бұл бетте «Өмір» атты Қасен Мөлдір Жұмабайқызы жазған өмір туралы өлең берілген.
Бір тағдыр бар
Сыр әйнегі шытынап,
Арман оғы бытырап,
Шыңдықтан алшақ жатқан.
Қиыры жоқ Ғасырдан іздедім
Тиымы жоқ Асылдан іздедім
Жиыны жоқ Жасымнан іздедім
Таба алмадым...
Түнгі қала... Шамдары жарқыраған...
Дәл осындай ұнайды қалпы маған.
Әуеніме үйлескен түн-тыныштық
Сиып кетер өзіне жарты ғалам.
Тамшылап аққан көз жасы
Жұбатар емес жүрегін.
Нүктеге айналған тұлғасы
Ғайыпқа бастап тілегін...
Сарғайғалы жапырақ жатыр
үйдің алдында ,
Қара суық, сары уайым
сергелдеңге салды да.
Сүйем дедіңіз... Дәл қазір онда
қайдасыз?
Асырып түсті ме, басқа бір адам
айласын ?
Модератор
Авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді таңдаңыз.